NASA "ұшатын тәрелкені" сынақтан өткізді
Аппарат Гавайи штатындағы Кауаи аралында орналасқан зымыран полигонынан ұшырылды.
Ресей зымыран шабуылын анықтаушы соңғы спутниктен айырылды
Ресей зымыран шабуылын анықтаушы соңғы спутниктен айырылды.
Қазақстандық ғарышкер Қытай жерінен ғарышқа ұшуы мүмкін
Қазғарыш қытайлық әріптестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
2016 жылы KazSat-2 толыққанды жұмыс істейтін болады
Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың айтуынша, бүгінде KazSat-2 ғарыш аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Мұсабаев жерді қашықтан бақылау қызметінің бағасын белгіледі
Т.Мұсабаев ғарыштан түсірілген суреттерді мемлекеттік органдарға тегін бергісі келмейді.
"Зенит" зымыран кешені Қазақстанның иелігіне өтеді
Қазақстандық мамандар "Зенит" зымыран кешенін басқаратын болады.
КazEOSat-2 қазақстандық спутнигі Ресей базасынан ұшырылды
КazEOSat-2 спутнигі еліміз аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге бағытталған.
"Союз ТМА-13М" экипажы "Байқоңырға" келді
Ғарышкерлер мен астронавттардың алдағы екі аптадағы жаттығулары "Гагарин атындағы ҒДО ҒЗСО" ФМБМ оқу-жаттығу кешеніндегі сынақ базасының 17 ғарыш айлағы алаңында өтеді.
Ресей "Протоннан" келген залалға өтемақы төлемей отыр
Өтемақы мөлшері Үкімет тарапынан жасақталған комиссия жұмысынан кейін анықталып, Ресейге талап етіп қойылған.
KazSat-3 спутнигі бар зымыран тасығышты сынау аяқталды
Кешенді отынмен толтыру сағат 04.00-де басталуы керек. Аппаратты іске қосу cағат 10.25-ке жоспарланып отыр.
Қазақстан өз азаматын ғарышқа ұшыруға міндетті - Мұсабаев
Бұл жайттың қай кезде болатыны қазір нақты келіссөздер барысында анықталып жатыр.
KazSat-3 спутнигі 28 сәуірде сағат 10.25-те ұшырылады
24 наурызда KazSat-3 Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді, қазір ғарыш аппаратын ұшыруға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қазақстан ғарыш сапарының" бұрынғы басшысы Мырзақұлов сот үкімімен келіспейді
"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұлов соттың бүгінгі үкіміне қарсы шағым түсірмек.
"Қазақстан ғарыш сапарының" бұрынғы басшысы сотталды
Астана соты "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұловтың қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды
"Союз" кемесінің станциямен түйісуі кейінге қалдырылды
Түйісудің кейінге қалдырылуына кеменің бағдарлау жүйесіндегі ауытқу себеп болған.
Ресей "Протон-М" апаты бойынша ұстанымын әзірлеп жатыр
"Бұл мәселе туралы үнсіз қалмаймыз", - дейді "Роскосмос" өкілі Анатолий Красников.
Ресей ғарышкерлері мінген кеме Жерге оралады
"Союз ТМА-10М" Байқоңырдан 26 қыркүйекте ұшырылған болатын. Енді экипаж 11 наурызда шамамен Жезқазған маңына қонуы тиіс.
Spaceplane ғарыштық ұшағының түптұлғасы сынақтан өткізілуге дайындалуда
Еуропалық Airbus Group аэроғарыштық компаниясы гибридті ұшу аппаратының түптұлғасын сынақтан өткізуге кірісуде. Атап айтқанда, Spaceplane ғарыштық ұшағының түптұлғасы сынақтан өткізілуге дайындалуда.
Ресейден шығын өндіру мәселесі созылып барады
Бақытжан Сағынтаев Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
"Бәйтерек" жобасы бірнеше жылсыз жүзеге аспайды
"Байқоңыр" ғарыш айлағында ресейлік-украиндік "Зенит" зымыран тасығышын ұшыруға болжанған "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру үшін кем дегенде бірнеше жыл қажет. Жаңа жобаның іске қосылуының кешеуілдеуіне Қазақстанның Зымыран технологияларын бақылаушы халықаралық режимге мүше болмауы себеп екен.