10 қараша 2014 21:19

Қырғызстан Кедендік одаққа қосылу туралы шартқа 23 желтоқсанда қол қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Президенті аппараты басшысының орынбасары, сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаков. © Қырғызстан Президенті аппараты басшысының орынбасары, сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаков. ©

Қырғызстан Кедендік одаққа қосылу туралы шартқа 23 желтоқсанда қол қояды деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстан Президенті аппараты басшысының орынбасары, сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаковқа сілтеме жасап. 


Қырғызстан Кедендік одаққа қосылу туралы шартқа 23 желтоқсанда қол қояды деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстан Президенті аппараты басшысының орынбасары, сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаковқа сілтеме жасап. 

Қырғызстанның Кедендік одаққа кіру туралы шартқа қол қоюы 23 желтоқсанға жоспарланып отыр. Келісім шартқа қол қойылғаннан кейін бұл шартты мемлекет ішілік деңгейде бекіту рәсімі басталады", - деп мәлімдеді Исаков. Құжатқа қол қою рәсімі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен өтеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, 29 мамыр күні Астанада өткен жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қырғызстанның Кедендік одаққа қосылу ниеті қолдауға ие болған болатын. Қазіргі кезде Қырғызстанның Кедендік одақ пен Біріңғай экономикалық кеңістікке қосылуы үшін қажетті заң жобалары парламенттің қарауында жатыр. Үкімет Қырғызстан интеграциялық бірлестікке қосылуға қажетті барлық құжаттарды қабылдауға үлгереді деп есептейді.

Бұдан бұрын Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруі 2014 жылдың наурызында жүзеге асуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Тіпті Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруінің жол картасын жүзеге асыру үшін Қазақстан 100 миллион доллар бөлуге келісім берген. Бұл қаражат республиканың ауыл шаруашылығын және мал дәрігерлігі саласын дамытуға жұмсалады. Бөлінген қаражатқа Қырғызстан ауылшаруашылығы өнімінің сапасын тексеретін зертхана салуы тиіс, сондай-ақ олар ауылшаруашылығы өнімдерін Кедендік одақ елдеріне экспортқа шығару үшін өнімді сертификаттау базасын жетілдіруі керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети