01 қыркүйек 2014 20:10

Украина президенттігінен үміткер экс-кандидат Порошенкоға кеңесші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото president.gov.ua сайтынан алынды Фото president.gov.ua сайтынан алынды

Украина президенттігінен үміткер экс-кандидат, әрі дәрігер Богомолец Порошенконың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды РИА Новости.


Украина президенттігінен үміткер экс-кандидат, әрі дәрігер Богомолец Порошенконың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Украиналық дәрігер Ольга Богомолец Украина президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. тағайындау туралы жарлық президенттің сайтында дүйсенбі күні жарияланған. "Украина президенті Петр Порошенко Украинаның еңбек сіңірген дәрігері Ольга Богомолецті Мемлекет Басшысының кеңесшісі етіп тағайындады", - делінген мәліметте.

Богомолец - Украинаның еңбек сіңірген дәрігері, дерматология және косметология институтының негізін қалаушы. 2005 жылы Украина президенті Виктор Ющенконың жеке дәрігері болған. 2014 жылы Киевте орын алған "евромайданда" қатысқандарға медициналық көмек көрсетіп, емдеу шараларына атсалысқан. Кейіннен мамырдың 25-і күні өткен президенттік сайлауда кандидат болып тіркелген еді.

Украина президенті сайтында жарияланған мәліметте "бұл қызмет гуманитарлық мәселелерді шешуге оң әсер етеді". "Біз күшімізді біріктіре алсақ Украинаға тигізер пайдамыз зор болмақ", - деді Петр Порошенко.

"Қазіргі уақытта еліміз алмағайып кезеңді бастан өткеруде. Сондықтан сіз секілді қоғамда өз орны бар, әрі беделі жоғары адамдардың барлығы бірігуі керек", - деп атап өтті ол. Өз кезегінде Ольга Богомолец асыраушысынан айырылған отбасыларының ақпараттық ресурстарын құруды ұсынды.

"Кез келген адам әлемнің кез келген түкпірінен бұл ресурсқа кіре алады. Банк жекелеген адамдарға карточка нөмірін ұсынып, жағдайы төмен отбасы мүшелері атына түскен ақшаны беріп отыратын болады", - деді Богомолец.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети