30 мамыр 2014 09:44

АҚШ ҰҚА Сноуденнің ведомство заңгеріне жазған хатын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдвард Сноуден. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған Эдвард Сноуден. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) өзінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің ведомствоның заңгерлік бөліміне жазған хатын жариялады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) өзінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің ведомствоның заңгерлік бөліміне жазған хатын жариялады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден өз хатында оған қызметкерлерді оқыту кезінде айтқан заңдылықтың сақталу басымдылығы туралы сауалдарды көтерген. Сноуденді "АҚШ президентінің қаулыларының күші федералді заңдармен тең бе?" деген сауал қызықтырған. Сондай-ақ ол "Пентагонның әмірі маңызды ма жоқ әлде ұлттық барлау бойынша офис директорының бе?" деп сұрайды. Бұл сұрақтарға ҰҚА қызметкері "Президент қаулылары заңмен бірдей күшке ие, бірақ олардың күшін жоя алмайды, ал Пентагон мен барлау қызметінің әмірі бір-бірімен тең дәрежеде маңызды" деп жауап береді.

АҚШ ҰҚА Сноуденнің ішкі бақылау органына бір ғана электронды хат жазғанын айтады. Алайда бұл хатта ешбір бұзушылық жайлы айтылмаған. "Сноуден мырзаның өзінің алаңдаушылығын, айыптауларын білдіруге түрлі әдістер бар. Біз қосымша мәліметтер іздедік, бірақ қазіргі уақытқа дейін оның осы сауалдарға байланысты айтқандарын таба алмадық" дейді АҚШ ҰҚА.

Бұған дейін америкалық арнайы қызметтің ізкесу бағдарламасы жайлы ақпарат таратқан АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден өзінің орныққан тәртіп бойынша әрекет еткенін, із кесу кезіндегі бұзушылық әрекеттер жайлы жоғарғы жаққа хат жазып, бірақ оған ешқандай жауап ала алмағанын бірнеше рет айтқан болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети