14 мамыр 2014 18:00

Алматының бұрынғы әкімі Храпуновты Лос-Анджелесте сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Храпунов. ©viktor-khrapunov.com Виктор Храпунов. ©viktor-khrapunov.com

АҚШ-тың Лос-Анджелестегі аймақтық сотына Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасына қатысты шағым түсті, - деп хабарлайды Fort Mill Times  басылымы.


АҚШ-тың Лос-Анджелестегі аймақтық сотына Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасына қатысты шағым түсті, - деп хабарлайды Fort Mill Times  басылымы.

Басылымның мәлімдеуінше, Храпунов пен оның отбасына қатысты шағымды "Қазақстандағы ең ірі қала - Алматы" түсірген. Экс-шенеунікке қалаға тиесілі жылжымайтын мүліктерді сатып, 300 миллион доллардан астам қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр. Басылым сондай-ақ, бұрынғы әкім әлгі қаржыға Калифорния мен Нью-Йорк қаласынан, Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінен кәсіпорындар, виллалар, автокөліктер мен басқа да активтер сатып алды деп мәлімдеп отыр.

Дереккөзі таратқан ақпаратқа қарағанда, сотқа шағымданушы жақ айыпталушының есеп-шоттарын жауып, заңсыз жолмен табылған қаржынының барлығын Алматының қазынасына қайтару керектігін мәлімдеген.

"Кезінде Храпунов өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, Қазақстан халқының миллиондаған қаржысын қолды етіп, заңсыз жиған қаржыны шетел асырып жіберіп отырған. Сол себепті біз, АҚШ заңсыз ақшаларды жасыратын ел ретінде таңылуды қалайды деп ойлаймыз", - деді шағымданушының атынан сөйлеген заңгер Дэвид Шиндлер.

Шағымданушының талабы бойынша, Лос-Анджелестегі сот алдында Виктор Храпунов және оның әйелі Ләйлә, экс-әкімнің асырап алған қызы Эльвираның күйеуі Дмитрий Кудряшов пен асыранды ұлы Ильястың жұбайы - Мәдина Әблязова да жауап беретін болады.

Айта кетейік, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, сотқа түскен шағым туралы ақпарат дәл қазіргі уақытта жан-жақты тексерілу үстінде.

Еске саламыз, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі  - Ләйләға ірі көлемді алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети