03 сәуір 2015 | 15:46

Airbus A320 апаты: Екінші "қара жәшіктегі" жазба Лубитцтің апатты қасақана жасағанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©AP Photo/ ves Malenfer/Ministere de l'Interieur ©AP Photo/ ves Malenfer/Ministere de l'Interieur

A320 ұшағының екінші "қара жәшігіндегі" мәлімет Лубитцтің апатты қасақана жасағанын растады, - деп хабарлайды BFMTV Әуе апаттарын тергеу жөніндегі бюроның (ВЕА) сарапшылары шығарған қорытындыға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

A320 ұшағының екінші "қара жәшігіндегі" мәлімет Лубитцтің апатты қасақана жасағанын растады, - деп хабарлайды BFMTV Әуе апаттарын тергеу жөніндегі бюроның (ВЕА) сарапшылары шығарған қорытындыға сілтеме жасап.

Борттағы өздігінен жазатын аппаратын ұшу кезіндегі техникалық мәліметті сақтайды. "Қара жәшік" бейсенбі күні табылып, сол күні Париж түбіндегі ВЕА орналасқан Руасси қаласына жеткізілген болатын. Өздігінен жазатын бірінші құрылғы лайнердің апатқа ұшыраған күнінде табылған еді.

Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Тергеу кезінде ұшқыш Андрес Лубитцтің жұмыс берушіден көзінің нашар көретінін жасырып келгені белгілі болды. "Қазіргі уақытта біз үшін басты мотивтердің бірі - оның денсаулығына байланысты жұмысынан айырылып қалудан қорқуы", - деді зерттеушілердің бірі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети