Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Францияда апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының "қара жәшігі" табылды

24 Наурыз 2015, 23:30
0
©iTele арнасының Airbus A320 апатқа ұшыраған жерді көрсеткен кадры
©iTele арнасының Airbus A320 апатқа ұшыраған жерді көрсеткен кадры

Француз құтқарушылары елдің оңтүстік-шығысында апатқа ұшыраған неміс лайнерінің "қара жәшігін" тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы France Info радиостанциясының эфирінде Жоғарғы Прованс Альпы департаментінің өкілі, Ұлттық кеңес депутаты Кристоф Кастане мәлімдеді, ол апат болған жерде. Кейін бұл мәліметті Францияның ішкі істер министрі Бернар Казнев растады.

Сонымен қатар, апат орнында тірі қалған адамның табылғаны жайлы мәлімет пайда болды. Haute-Provence басылымы Прованс-Альпы-Көкшіл Жағалау өңірі жандармериясының басшысы Давид Гальтьеге сілтеме жасай отырып, апат орнында біреудің қимылдап жатқанын хабарлады. Бірақ оқиға орнына келген Казнев бұл мәліметті жоққа шығарды. "Соққының күші (ұшақтың жерге) тірі қалуға мүмкіндік бермейді", - деді ол.

Осыған дейін француз жандармериясының өкілі ұшақ қирандыларының көлемі бір метрден аспайтынын мәлімдеген болатын. Құтқарушылар тікұшақты лайнер құлаған жерге жақын қондырды, бірақ әуе апатынан тірі қалған адам болмады. 

Ертең Франция президенті Франсуа Олланд Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге апат болған аймаққа барады. 

Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Бортта неміс мектебінің 16 оқушысы мен екі мұғалім болған, олар Барселонада тіл үйрену бағдарламасы бойынша болып, қайтып келе жатқан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай