Альп тауларында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының екінші "қара жәшігі" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альп тауларында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының екінші "қара жәшігі" табылды

Француз құтқарушылары тоғыз күн өткеннен кейін Альп тауларында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының екінші "қара жәшігін" тапты, - деп хабарлайды AFP.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Француз құтқарушылары тоғыз күн өткеннен кейін Альп тауларында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының екінші "қара жәшігін" тапты, - деп хабарлайды AFP.

Ел үкіметі борттағы өздігінен жазатын аппараттың әуе апатының себебін анықтауға көмектесетініне үмітті. Табылған "қара жәшік" ұшу кезіндегі техникалық мәліметті жазып алған. Бірінші өздігінен жазатын құрылғы лайнердің апатқа ұшыраған күнінде табылған еді. 

Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Тергеу кезінде ұшқыш Андрес Лубитцтің жұмыс берушіден көзінің нашар көретінін жасырып келгені белгілі болды. "Қазіргі уақытта біз үшін басты мотивтердің бірі - оның денсаулығына байланысты жұмысынан айырылып қалудан қорқуы", - деді зерттеушілердің бірі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети