10 сәуір 2021 17:31

БАӘ алғашқы араб әйел ғарышкердің есімін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Facebook/NASA Фото: Facebook/NASA

Біріккен Араб Әмірліктері алғашқы араб әйел ғарышкердің есімін атады, ол - Нура Әл-Матруши. Бұл туралы БАӘ премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Бүгін біз БАӘ-ден шыққан екі жаңа ғарышкер туралы мәлімдейміз... олардың ішінде бірінші әйел-ғарышкер Нура Әл-Матруши, екіншісі - Мұхаммед Әл-Маля", - деп жазды ол.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа ғарышкерлер төрт мың үміткердің ішінен таңдалды. Оларды оқыту жақын арада NASA бағдарламасы бойынша басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети