14 қыркүйек 2021 09:30

БҰҰ елдері Ауғанстанға миллиард доллардан аса бөледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше мемлекеттер Ауғанстанға гуманитарлық көмекке 1 миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше мемлекеттер Ауғанстанға гуманитарлық көмекке 1 миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстан қаржылық қолдауға мұқтаж екенін ескеріп, Женевада өткен Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша Ауғанстанға миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде берді.

©REUTERS

"Халықаралық қауымдастық ортақ пікірде. Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін барлық күшті жұмылдырамыз", - деді Гутерриш.

БҰҰ басшысының айтуынша, бұл тек төтенше жағдай үшін ғана емес, Ауғанстан экономикасын қолдап, оның құлдырауын болдырмау үшін берілген көмек.

"Өздеріңіз білетіндей, Ауғанстанға үлкен қауіп төніп тұр және қолма-қол ақша тапшы",- деп қосты ол.

Ел шенеуніктері Батыстың тәліптерге сенбеуінен миллиардтаған долларлық көмек тоқтап қалғандықтан (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) БҰҰ мүше мемлекеттер 20 жылдық ынтымақтастықтан кейін ауған халқына көмектесуді жалғастыру керек екенін түсіндірді.

©REUTERS

Конференцияда АҚШ 64 миллион доллар гуманитарлық көмек бөлуге уәде берді, ал Норвегия қосымша 11,5 миллион доллар бөлуге шешім қабылдады.

©REUTERS

БҰҰ Бас Хатшысы БҰҰ-ның тәліптерден гуманитарлық операцияларды жүргізуге кепілдік беру үшін, гуманитарлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жазбаша міндеттемелер алғанын растады.

"Біз "Талибан" қозғалысының халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көріп отырмыз, яғни халықаралық қауымдастықтың ықпал ету тетігі бар", – деп толықтырды Антониу Гутерриш.

Ауғанстан, әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Батыс қолдаған Үкіметтің құлдырауынан және "Талибан" басып алғаннан кейін елге миллиардтаған долларлық шетелдік көмектің күрт тоқтауына байланысты дағдарысқа ұшырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети