17 қараша 2021 12:03

БҰҰ миллиардерлерді әлемдегі аштықпен күресуге шақырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы әлемде аштықпен күресу жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WFP сайтына сілтеме жасап.


БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы әлемде аштықпен күресу жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WFP сайтына сілтеме жасап.

6,6 миллиард долларлық қайырымдылық 42 елдегі 43 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін деген жоспар миллиардерлерге үндеу аясында жасалды.

Азық-түлік пен оларды жеткізу үшін 3,5 миллиард доллар, жергілікті экономиканы қолдау үшін мұқтаждарға ақшалай және азық-түлік үшін 2 миллиард доллар, азық-түлік тарату бағдарламаларын әзірлеу үшін 700 миллион доллар, жоспарды жүзеге асыратын адамдар мен қызметкерлерге ақы төлеу үшін 400 миллион доллар қажет болады деп күтіліп отыр.

Жоспар жарияланғаннан кейін БҰҰ Азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли Twitter-де SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маскке жазба арнады. Егер ол БҰҰ аштық мәселесін шешу схемасын егжей-тегжейлі сипаттаса, ақша беретінін мәлімдеген болатын.

"Бұндай аштық бұрын-соңды болмаған. Оны болдырмауға болады. Илон Маск, сіз нақты жоспар мен есепшоттарды сұрадыңыз. Міне! Біз сізбен және адам өмірін сақтап қалғысы келетін кез келген адаммен сөйлесуге дайынбыз. Аштықтың алдын алу үшін 2022 жылы 6,6 миллиард доллар қажет", - деп жазды Бизли.

Илон Маск әлі жауап берген жоқ.

Бұған дейін кәсіпкер Илон Маск егер БҰҰ әлемдік аштық мәселесін шеше алатын болса, Tesla акцияларын сатқанда түскен қаражатты қайырымдылыққа беретінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети