27 сәуір 2014 20:53

Донецкіде ереуілшілер телеорталық ғимаратын басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ОстроВ ©ОстроВ

Донецкіде наразылық білдірушілер облыстық телеорталықтың ғимаратын басып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Вести.Ru" порталына сілтеме жасап.


Донецкіде наразылық білдірушілер облыстық телеорталықтың ғимаратын басып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Вести.Ru" порталына сілтеме жасап.

Ереуілшілердің үлкен бір тобы ғимараттың кіреберісінде тұр. Оларды наразы топтың өзі кіргізбеген. 500-ге жуық адам "Славянск - батыр қала", "Республика", "Донецкіге Киев әмірші емес", "Ресей" деп ұрандатып жатыр. Облыстық телерадиохабар тарату компаниясы ғимаратының төбесіне Донецк халықтық республикасының туы орнатылды.

Ереуілшілер украин телехабарларын таратуды тоқтатып, ресейлік арналарды қосуды талап етіп отыр. Ғимарат маңында 30-ға жуық тәртіп сақшысы тұр, олар әзірше оқиғаға араласа қоймаған.

Жексенбі күні Ленин ескерткіші жанында митинг өткен болатын. Жиналғандар жергілікті телеарнаның наразылық шаралары туралы жалған ақпарат таратып жатқанын айтты. Содан кейін телеорталықты басып алу жөнінде шешім қабылданған. 

Еске салайық, 24 сәуір күні Украина күш құрылымдары Славянск маңында арнайы операцияны қайта бастаған болатын. Бұл қаланың тұрғындары елдің жаңа билігін мойындамай, федерализацияны қолдап, наразылық білдіріп жатыр. Арнайы операция барысында, түрлі мәлімет бойынша, бес адамнан жеті адамға дейін қайтыс болған. Бұған жауап ретінде Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығыс шекарасында әскери оқу-жаттығуларды бастады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети