12 қараша 2021 16:54

ЕО-да коронавирустан емдеуге арналған екі жаңа препарат тіркелуі мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) коронавирусты емдеуге арналған тағы екі препаратты сертификаттауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EMA сайтына сілтеме жасап.


Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) коронавирусты емдеуге арналған тағы екі препаратты сертификаттауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EMA сайтына сілтеме жасап.

Пандемия басталғаннан бері департамент Ремдесивирге ғана рұқсат берген болатын. Енді адамдарға арналған дәрі-дәрмек жөніндегі комитет (CHMP) коронавирусты емдеуге арналған екі препаратты - "Ронаприва" және "Регкирона" қолдануға рұқсат беруді ұсынды.

CHMP өз зерттеулерінде "Ронаприв" немесе "Регкиронамен" дәрілері COVID-19-бен ауырғандар санын азайтатынын немесе ауруханаға жатқызу көрсеткіші мен өлім санының едәуір төмендететінін дәлелдеді.

Осылайша, комитет қосымша оттегін қажет етпейтін және аурудың ауыр ағымының даму қаупі жоғары 12 жастан асқан ересектер мен балаларға коронавирусты емдеу үшін "Ронаприв" препаратын қолдануды ұсынады. Сондай-ақ, бұл препаратты коронавирустың алдын алу үшін қолдануға болатынын айтты.

Зерттеулерге сәйкес, "Ронаприв" қабылдаған пациенттердің 0,9 пайызы ауруханаға жатқызылды немесе коронавирустан қайтыс болды. Плацебо тобында 3,4 пайыз болды. Алдын алу шараларына келетін болсақ, зерттеу аясында препаратты коронавирус жұқтырған отбасы мүшесімен жақын қарым-қатынаста болған, бірақ белгілері жоқ адамдар қабылдаған. Дәрі қабылдағандардың 29 пайызы коронавирус жұқтырған, ал плацебо қабылдағандардың 42,3 пайызы.

Сонымен қатар, EMA комитеті "Регкирона" препаратын тек қосымша оттегін қажет етпейтін, аурудың ауыр ағымының қаупі жоғарылаған ересектерге ғана қолдануды ұсынады.

Препаратты зерттеу қаупі жоғары емделушілерде жүргізілді. Препаратты қабылдап, ауруханаға түсіп, қайтыс болғандар арасында 3,1 пайыз, плацебо қабылдағандар арасында 11,1 пайыз болды.

Екі препараттың да моноклоналды антиденелерге негізделгені көрсетілген. Моноклональды антиденелер - бұл белгілі бір нысанаға, бұл жағдайда вирус адам жасушаларына ену үшін пайдаланатын SARS-CoV-2 протеиніне қосылуға арналған ақуыздар.

ЕО-да дәрілік заттарды сертификаттау туралы соңғы шешімді EMA қабылдауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети