02 ақпан 2022 11:31

ФТБ спортшыларға Олимпиада ойындарына жеке смартфондарын алмауға кеңес берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы америкалық спортшыларды қысқы Олимпиада ойындары кезінде жеке телефон қолданбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы америкалық спортшыларды қысқы Олимпиада ойындары кезінде жеке телефон қолданбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ФТБ Бейжің Олимпиадасында қауіпсіздік мақсатында смартфондар мен гаджеттерді пайдаланудан бас тартуға және киберқауіптерден қорғану үшін уақытша құрылғыларды пайдалануға кеңес берді. Кейбір Ұлттық Олимпиада комитеттері де жеке смартфондарды қолданбауға кеңес берді.

Сонымен қатар, бюро Бейжіңдегі Олимпиада және Паралимпиада ойындарын бұзуға бағытталған деп болжанған киберқызметтердің тұтас кешенінің тәуекелдері туралы ескертті.

"Бұл әрекеттерге DDoS шабуылдары, бопсалау вирустары мен зиянды бағдарламаларды қолдану шабуылдары, әлеуметтік инженерия, деректердің ұрлануы, фишингтік шабуылдар, дезинформациялық науқандар және жүйелік қауіптер кіреді", - деп түсіндірді департамент.

Сонымен бірге, ФТБ мәлімдемесінде қазіргі уақытта өздеріне Олимпиада ойындарына қандай да бір нақты киберқауіптер туралы ақпарат келмегенін атап өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети