ФТБ ұсталған үш теңізшіден жауап алынған сәттің видеосын жария етті

viewings icon 837

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ресей Федерал қауіпсіздік қызметі Азау теңізіндегі оқиға кезінде ұсталған украиналық кеменің үш теңізшісінен жауап алу сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды "Россия 24" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Ресей Федерал қауіпсіздік қызметі Азау теңізіндегі оқиға кезінде ұсталған украиналық кеменің үш теңізшісінен жауап алу сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды "Россия 24" телеарнасы.

Видеожазбада Үшінші дәрежелі капитан Владимир Лесовой, матрос Сергей Цибизов және "Никополь" бронекатер экипажының мүшесі Андрей Драч түсірілген делінеді.

Теңізшілер Керчь бұғазына кіруге тыйым салынғаны туралы "бірнеше рет ескерту алғанын" және ескертуге "қасақана құлақ аспағанын" айтады. Олардың айтуынша, кемелердің бортында атыс қаруы, оқ-дәрісімен ДШК пулеметтері болған. 

Украиналық әскерилердің бірі Украина ӘТК кемелерінің әрекетінде "арандату сипаты" болғанын мәлімдейді.

Украина Әскери теңіз күштерінің қолбасшысы Игорь Воронченко Керчь бұғазында ұсталған украиналық теңізшілерге қысым көрсетіліп, жалған мәлімдеме жасатқызған деген тұжырым айтты.

"Кеме экипаждары қазір әр жақта. Үш әскери, бір офицер және келісімшарт бойынша қызметтегі екі теңізші жарақат алып, Керчь қаласындағы ауруханада жатыр. Кемелер базадағы пунктінде, онда ФТБ катерлері бар. Біздің теңізшілердің жалған көрсетпе бергеніне белгілі бір дәлелдер де табылып жатыр", - деп мәлімдеді ол 26 қарашада ICTV телеарнасының эфирінде.

Воронченконың айтуынша, физикалық және психологиялық қысым әсерімен жауап алынған үш матростың видеосы бар. "Никопольдің бұл матростарын білемін, олар әрқашан әділін айтатын өз ісінің мамандары болған. Олардың қазір айтып отырғаны жалған", - деп мәлімдеді ол.

Украина ӘТК қолбасшысы әскерилермен адвокаттардың кездесіп үлгергенін айтты. Воронченко екі әскеридің Қырым тумасы екеніне және олардың ата-анасы түбекте тұрып жатқандықтан оларға қысым түсуі мүмкін екеніне назар аударып отыр.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю