18 шілде 2021 10:24

Ғалымдар алдағы жылдары климаттық дағдарыс болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © REUTERS / Wolfgang Rattay Фото: © REUTERS / Wolfgang Rattay

Климаттық дағдарыстар жөніндегі консультативтік топтың (CCAG) төрағасы Дэвид Кинг ауа райы дағдарысының салдары уақыт өте келе күшейе түсетініне сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life басылымына сілтеме жасап.


Климаттық дағдарыстар жөніндегі консультативтік топтың (CCAG) төрағасы Дэвид Кинг ауа райы дағдарысының салдары уақыт өте келе күшейе түсетініне сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life басылымына сілтеме жасап.

Ғалым Германияны және оған жақын елдерді су басқаны тосын климаттық жағдайларға апаратын процес басталғанын айқын білдіретінін атап өтті.

"Біз бұл төтенше ауа райы жағдайларының жиі болатынын әлі де көреміз", - деді ол.

NASA және Гавай университетінің ғалымдары да осындай пікірде. Олардың сөзінше, Ай орбитасында болатын өзгерістер жер бетіндегі су тасқынын рекорд деңгейге жеткізуі мүмкін.

Nature Climate Change журналында жарияланған ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, жаппай су тасқыны 2030 жылдары болуы мүмкін және оның салдары АҚШ жағалаудағы қалаларының инфрақұрылымына орасан зардабын тигізеді-мыс. 

Зерттеуде Айдың тербелісі табиғи құбылыс екені атап өтіледі: Жер спутнигінің орбитасы әр 18,6 жыл сайын өзгеріп отырады, бұл жоғары және төменгі толқындар кезеңдеріне әсер етеді. Алайда, мамандардың пікірінше, бұл жолы айдың тербелісі әдеттегіден гөрі алаңдатады. Бұл жаһандық жылынудың салдарынан мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты.

Еске салайық, кейінгі күндері Еуропа толастамайтын нөсерден зардап шегіп жатыр. Германияның батыс бөлігінде жаңбыр 14 шілдеде басталды, су тасқынына байланысты ел әскери апат режимін жариялады. 1,3 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кетті, кейінгі мәліметтер бойынша 140-тан аса адам қайтыс болды. Бельгия да су тасқынынан зардап шекті, онда 24 тұрғын қайтыс болды, олардың саны алда артуы мүмкін. Нидерланды мен Франция да нөсер жаңбырдың салдарынан зардап шегеді.

Жаңа Зеландияның екі аймағында 17 шілдеде төтенше жағдай режимі енгізілді. Жүздеген тұрғын эвакуацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети