04 қыркүйек 2015 09:05

Қаза тапқан босқын баланың суреті Еуропа жұртының жағасын ұстатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 қыркүйекте түріктің Бодрум курортты қаласының жағалауына шығып қалған сириялық бүлдіршіннің суреттері Еуропа халқының жағасын ұстатты. Баланың отбасы Канадаға көшпекші болған, алайда кеме апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РБК


2 қыркүйекте түріктің Бодрум курортты қаласының жағалауына шығып қалған сириялық бүлдіршіннің суреттері Еуропа халқының жағасын ұстатты. Баланың отбасы Канадаға көшпекші болған, алайда кеме апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РБК

AFP©

Түркияның ақпарат құралдары баланың мәйітін таныды. Ол Сирияның Кобани қаласында тұратын 3 жасар Айлан Курди болып шықты. Айта кетейік, бұл қала Түркиямен шекаралас аумақта орналасқан, ал бұл аймақта сириялық күрдтер мен ДАИШ содырларының арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Баламен бірге оның 5 жастағы ағасы Галип пен шешелері қаза болды.

Айлан Курди ағасымен. © Twitter/LotteLeicht1

Кеме апатында бұл отбасында тек әкелері Абдулла аман қалды. Ол жағдайы ауыр сәтінде табылып, ауруханаға жіберілді. Туыстарының айтуынша, баланың әкесі отбасын жерлеуі үшін туған қаласына оралмақшы. Өзі де солардың жанында жерленгісі келетінін айтыпты.

Абдулла Курди. AFP©

Курдилер отбасымен бірге қайықта тағы да сириялық босқындар болған. Кеме апатының салдарынан жалпы 12 адам қаза тапты, олардың ішінде сегізі - балалар. Түркия полициясы төрт сириялықты ұстады. Оларға мигранттарды Сириядан әкетуді ұйымдастырды деген күдік келіп отыр.

Үш жасар Айлан Курдидің өлімі босқындардың өміріне бүкіл әлемнің назарын аударды. Баланың жағалауға шығып қалған жансыз денесінің суреттерін көргендер Желіге баланың құрметіне арнап салған суреттерін жариялай бастады.  

Фото: © Twitter\HA Hellyer

Фото: © Twitter/fervidal31

Сириялық бүлдіршіннің қазасынан кейін, басылымның мәліметінше, Еуроодақ көшбасшылары босқындардың мәселесін оңтайландыруға көшкен. Financial Times мәліметінше, Брюссель ЕО-ға мүше мемлекеттер қабылданып жатқан босқындардың санын төрт есе көбейтеді. Франция билігі болса өз кезегінде Брюссельдің ұсынысын қабыл алатынын мәлімдеп, таяу күндері бұл мәселені Германиямен талқылайтынын жеткізді. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон босқындардың санын көбейтуге дайын екенін хабарлады.

Ал Еурокомиссияның президенті Жан-Клод Юнкер келесі аптада ЕО-ға мүше елдерді Грекиядан, Италиядан және Венгриядан 160 мың босқынды қабылдауға шақырғалы жатыр. Ал осыдан екі апта бұрын тек 40 мың адам туралы сөз қозғалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети