04 қаңтар 2019 17:54

Қытайда 70 жылда алғаш рет халық саны азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Carlos Barria / Reuters © Carlos Barria / Reuters

2018 жылы Қытайдағы халық саны 1,27 миллион адамға азайды, - деп жазады Lenta.ru басылымы Agence France-Presse дереккөзіне сілтеме жасап.


2018 жылы Қытайдағы халық саны 1,27 миллион адамға азайды, - деп жазады Lenta.ru басылымы Agence France-Presse дереккөзіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мамандар КХР Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу Мемлекеттік комитетінің статистикалық мәліметтері мен басқа да мәліметтерді зерттеген соң осындай пікірге келген.

Ғалымдар Қытайда дүниеге келген балалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 миллион адамға азайғанын анықтаған. Бастапқыда бұл көрсеткіш 790 мың адамға өседі деп болжанған екен. 

Осылайша, Қытайда 70 жылда алғаш рет халық саны азайды. 

Бірақ Қытайдағы халық санының өзгергені жайлы әлі ресми мәліметтер жарияланбады. Басылымның мәліметінше, статистика қаңтар айының соңында дейін жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети