23 шілде 2014 11:06

Малайзиялық Boeing-ті қателесіп атып түсіруі мүмкін - АҚШ барлау қызметі

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Бук" ЗЗК. Фото: army-news.ru "Бук" ЗЗК. Фото: army-news.ru

АҚШ малайзиялық Boeing-777 ұшағын нақты кім қаққанын білмейді, бірақ Украинаның шығысында жасақшылар ұшақты қателесіп атып түсірді деп болжап отыр. Бұл туралы брифингте АҚШ барлау қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  AFP сайтына сілтеме жасай отырып. 

Барлау қызметкерлерінің пайымдауынша, малайзиялық Boeing-ті "Бук" зенитті зымыранды кешенінің зымыраны атып түсірген. Алайда барлаушыларда зымыранның Ресейге тиесілі екенін нақты дәлелдейтін дерек жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бағытталған малайзиялық Boeing-777 ұшағы 17 шілде күні Украинаның оңтүстік-шығысында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында барлығы 298 азамат болған, олардың бәрі қаза тапты. 21 шілде күні РФ ВС басштабының жедел басқарма басшысы генерал-лейтенант Андрей Картаполов арнайы брифингте ұшақ құлаған сәтте сол нүктеде укариналық Су-25 ұшағы да болғанын айтты.

Алайда Украина билігі мұндай айыптауларға қарсы шықты. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мари Харфтың айтуынша, Ресейдің апатқа ұшыраған ұшақ туралы деректері Вашингтонның деректерімен сәйкес келмейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети