24 қыркүйек 2015 22:18

Мекке маңында болған жаппай қысылу кезекті сақтамағандықтан болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекке маңында болған жаппай қысылу кезекті сақтамағандықтан болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 700-ден аса адам қаза тапты, ал зардап шеккендердің саны 863-ке жетіп отыр.   


Мекке маңында болған жаппай қысылу кезекті сақтамағандықтан болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 700-ден аса адам қаза тапты, ал зардап шеккендердің саны 863-ке жетіп отыр.   

Сауд билігі қажылыққа барғандарға салтты орындау үшін топ-тобымен баруды реттейтін арнайы кесте алдын ала таратыпты. "Қайғылы оқиға африкалықтардың кезекті сақтамауынан және салтты орындауға өз уақытында бармауынан болды", - деп хабарлаған куәгерлер. Салтты орындауға арналған кестенің бірнеше тілде басып шығарылған қағаз ретінде таратылғаны айтылады.

Сауд Арабиясының азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, адамдардың жаппай қысылуы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат тоғызда (Астана уақыты бойынша 13.00-де) Мина алқабындағы қалашықтағы 204 және 223 көшелердің қиылысында басталыпты. Қаза тапқандардың басым бөлігінің қарттар екендігі айтылып отыр. Оқиға орнында төрт мың дәрігер және жедел жәрдемнің 200-ден аса машинасы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта Меккеде шамамен қазақстандық 4 мың адам бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети