04 мамыр 2022 09:33

Ресей әскері "Азовстальға" шабуылын бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ресей әскері "Азовсталь" зауытына шабуылды бастады. Бұл туралы "Украинская правда" басылымына "Азов" полкі командирінің орынбасары Святослав Паламар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей әскері "Азовсталь" зауытына шабуылды бастады. Бұл туралы "Украинская правда" басылымына "Азов" полкі командирінің орынбасары Святослав Паламар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түні бойы әуе бомбаларымен атқылады, екі бейбіт әйел қаза тапты, қазір "Азовсталь" зауытына шабуылдап жатыр", - деді Паламар 3 мамырда.

Оның айтуынша, ресейлік әскерилер зауыт аумағына басып кіруге әрекеттеніп жатыр.

"Президентке Мариупольдегі жағдай туралы хабарланып отырғанын білеміз және ол бәрінен хабардар. Сондықтан, одан шұғыл шаралар күтеміз, өйткені жағдай өте қиын", - деді украиналық жауынгерлер басылымға.

Ресей Қорғаныс министрлігі зауыт аймағында ұрыс қайта басталғанын растады. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілі Вадим Астафьев "Азов" жауынгерлері мен украин әскері атыс позицияларына кіру үшін "Азовстальдағы" тыныштық режимін пайдаланғанын мәлімдеді.

"Олар жертөлелерден шығып, зауыт аумағында және ғимараттарда атыс позицияларына тұрды. Қазір Ресей армиясы мен ДХР бөлімшелері артиллерия мен авиацияны пайдалана отырып, бұл атыс позицияларын жоюға кірісті", - деді Қорғаныс министрлігі өкілі РИА Новостиге.

Бұл уақытта "Азов" жауынгерлерінің туыстары Киевтің орталығында шеру өткізіп, халықаралық қауымдастық пен әлемдік көшбасшыларды отбасыларын "Азовсталь" аумағынан шығаруды қамтамасыз етуге шақырды. Бұрын "Азов батальоны" деген атпен белгілі болған "Азов" арнайы күштері отрядын Мәскеу нацистік элемент деп санайды.

Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко Telegram-арнасында "Азовстальға" жасалған шабуыл туралы ақпаратты растап, шабуылдың видеосын көрсетті.

Зауыт басшылығы "Азовсталь" аумағындағы бес бомба қоймасы ядролық оқтұмсық соққысына төтеп бере алады деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети