05 қазан 2021 17:09

"Тақтар ойыны" приквелы - "Айдаһар үйінің" тизері жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

HBO Max компаниясы Таргарьен үйінің тарихын баяндайтын "Тақтар ойыны" приквелы - "Айдаһар үйінің" алғашқы тизерін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


HBO Max компаниясы Таргарьен үйінің тарихын баяндайтын "Тақтар ойыны" приквелы - "Айдаһар үйінің" алғашқы тизерін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YouTube каналында HBO Max Джордж Мартиннің романдары желісімен танымал "Тақтар ойыны" телехикаясының жалғасы - "Айдаһар үйі" сериясының алғашқы тизерін жариялады. Видеодан басты рөлде ойнайтын Мэт Смит пен Эмма Д'Арсиді байқай аласыз.

Джордж Мартиннің "От пен қан" кітабына негізделген фантастикалық серия "Тақтар ойыны" оқиғасынан 200 жыл бұрын өтеді. 10 эпизод бойы ол Таргариен үйі туралы әңгімелейді, онда айдаһарлардың анасы Денерис Таргариен дүниеге келді.

2020 жылдың желтоқсанында HBO сериясының алғашқы арт-концепциясын жариялады.

Ал 2021 жылдың ақпанында шоудың композиторы көрермен сүйіспеншілігіне бөленген, Game of Thrones музыкасын жазған Рамин Джавади болатыны белгілі болды.

Жобаның құрамы да белгілі болды. Визерис Таргариенді Пэдди Консидин, Дэймон Таргариенді Мэтт Смит, Алисент Хайтауэрді Оливия Кук, Райнье Таргариенді Эмма Д'Арси сомдайды.

Көптен күткен "Тақтар ойынының" жалғасы - "Айдаһар үйі" 2022 жылы шығады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети