23 тамыз 2021 09:26

Талибанның жүздеген содыры Панжерге бет алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © РИА Новости Фото: © РИА Новости

"Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда террористік деп танылып, тыйым салынған) оның жүздеген содыры Панжерге аттанғанын мәлімдеді. Панжер - Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы басып алмаған жалғыз провинция, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


"Талибан" қозғалысының өкілі (Қазақстанда террористік деп танылып, тыйым салынған) оның жүздеген содыры Панжерге аттанғанын мәлімдеді. Панжер - Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы басып алмаған жалғыз провинция, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Жергілікті шенеуніктер бейбіт жолмен берілуден бас тартқан соң, Ислам Әмірлігінің жүздеген моджахеді Панжер провинциясын басып алуға аттанды", - деді "Талибан" өкілі.

Бұған дейін Панжердегі қарсылық тобының жетекшісі Ахмад Масуд провинцияны "Талибан" қозғалысы билігіне беруден бас тартқан. Оның айтуынша, көтерілісшілер радикалдарға қарсы тұруға ниетті. Ол осыған дейін "Талибан" өкілдері келіссөз жүргізуден бас тартқанын айтқан болатын. Масуд, егер "Талибан" халықты билікті мойындауға мәжбүрлейтін болса, онда олар ұзақ уақыт билікте қала алмайтынына сенім білдірді.

Еске салайық, 17 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялаған болатын. Содырлар үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Кейін тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алғаны, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети