04 қыркүйек 2021 10:09

Тәліптер Панжшерді бақылауына алды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS/Omar Sobhani Фото: REUTERS/Omar Sobhani

Yeni Safak түрік басылымы "Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес тыйым салынған) Ауғанстанның Панжшер провинциясын бақылауына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Yeni Safak түрік басылымы "Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес тыйым салынған) Ауғанстанның Панжшер провинциясын бақылауына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, тәліптер Ауғанстанның бүкіл аумағында толық үстемдік алды.

"Ауғанстандағы даулы аймақ Панжшер құлады. "Талибан" сарбаздары қуаныштан аспанға оқ атып жатыр. Аспан қазір оққа толы", - деп жазылды басылымда.

Нәтижесіз келіссөз бен адам шығыны. Тәліптер ала алмаған Панжшерде не болып жатыр?

Өз кезегінде "Панжшер майданындағы" дереккөз бұл аймақ тәліптердің бақылауына өтпегенін айтты,  деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін Ауғанстанның бұрынғы бірінші вице-президенті Амрулла Салех Facebook-те Панжшер провинциясына баратын гуманитарлық көмекті "Талибан" қозғалысы өткізбей жатқанын жазған. 

Кеше Ауғанстанның Панжшер провинциясындағы қарсылық күштері тәліптердің 350 содырын түнде өлтіргенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети