06 ақпан 2016 09:40

Тайваньда жойқын жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Тайвандағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан екі адам қаза тауып, 25-тен аса адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Зілзала Тайнань қаласында болған.


Тайвандағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан екі адам қаза тауып, 25-тен аса адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Зілзала Тайнань қаласында болған.

"Тайвань билігінің өкілдері ұсынған мәліметтерге сүйенсек, қалада қатты қираған ғимараттардың ішінде 17 қабатты үй бар. Онда 250-ге жуық адам болуы мүмкін. Құтқарушылар қазірге дейін 120 адамды ғимараттан алып шықты. Ауруханаға 29 адам жеткізілді, олардың екеуі қаза тапты", - делінген басылымда.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6,4-ке тең зілзала Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде болды. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр. Тайвань Орталық ауа райы қызметі ұсынған мәліметтерде зілзаладан кейін тағы төрт афтершок тіркелгені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети