02 желтоқсан 2015 15:21

Түркия Ресейден газ жеткізілмегеннен құрып кетпейді - Ердоған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркия президенті Тайып Ердоған Ресейден газ жеткізу тоқтаса, елдің құрып кетпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлады Газета.Ru жергілікті Haberturk басылымына сілтеме жасап.


Түркия президенті Тайып Ердоған Ресейден газ жеткізу тоқтаса, елдің құрып кетпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлады Газета.Ru жергілікті Haberturk басылымына сілтеме жасап.

Жалғасы

"Өздеріңіз білесіздер, біз өмір бақи табиғи газды пайдаланып келе жатқан жоқпыз - оны қай кезде ашқанымыз да белгілі. Бұл ұлт қайғыға үйренген. Сонымен қатар, бұл жерде Ресейдің газы болмаса құрып кетеміз деген әңгіме жоқ. Мен бұған дейін айтқанмын, біз газды Ресейден бөлек көптеген өзге мемлекеттерден сатып аламыз. Құдайдың көмегімен мәселелерді еңсереміз", - деп келтірді басылым президенттің сөзін.

Айта кетейік, Ресей газ құбыры және атом электростанциясы құрылысы жөнінде Түркиямен келіссөздерді тоқтатты. Сонымен қатар, Ресей ЕАЭО-дан Түркия транзиттік автотасымалына шектеу қоюды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети