09 қазан 2014 21:51

Украинадағы ұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©laif.de ©laif.de

Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағы жолаушыларының бірі апат алдында оттегі маскасын киген. Бұл туралы Нидерланды СІМ басшылығы Франс Тиммерманс мәлімдеді, - деп хабарлайды BNO News.


Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағы жолаушыларының бірі апат алдында оттегі маскасын киген. Бұл туралы Нидерланды СІМ басшылығы Франс Тиммерманс мәлімдеді, - деп хабарлайды BNO News.

"Жоқ, жолаушыларды, зымыран ұшқанын көрген жоқпыз, бірақ біздің бір азаматымыздың оттегі маскасын киген денесін тапқанымызды білесіздер ме? Яғни оның олай жасауға уақыты болған. Біз мұны назардан тыс қалдырмауымыз керек", - деді Тиммерманс.

"Өмірлерінің соңғы сәттері ұшақ құлап бара жатқанда қандай үрейлі болғанын елестетемін. Өздері жақсы көретін адамдардың қолынан ұстады ма екен, балаларын жүрегіне басты ма екен, үнсіз қоштасу кезінде бір-бірінің көзіне соңғы рет қарады ма екен? Біз мұны ешқашан білмейміз", - деді министр. 

Әуе апатын зерттеу жөніндегі нидерландылық агенттік өкілі Вим Де Брюйненің (Wim de Bruin) сөзінше, мәселе австралиялық жолаушы жайында. Аты аталмаған ер адам оттегі маскасын киіп үлгерген.

Бұл деректі Нидерланды БАҚ-тары жазып жатыр, апаттың себептерін жаңаша түсіндіруге мүмкіндік береді. Осы күнге дейін малаизиялық лайнердің бортында болғандар лезде қаза тапқан делініп келді.  

Бірінші дәрежедегі ұшқыш Андрей Литвинов ұшақ салонының ауа өткізбейтін қабы бұзылғанда оттегі маскалары автоматты түрде түсетінін айтты. Оның сөзінше, жолаушылардың оттегі маскасын киіп үлгеруіне мүмкіндігі болған. 

Ал Нидерланды СІМ басшысы жасаған мәлімдеме туралы ресейлік сынаушы ұшқыш былай пікір айтты: "Салонда қысым түскенде маскалар дәл жолаушы алдына автоматты түрде түседі, және біреу есінен танбай тұрып оны киіп үлгеруі әбден мүмкін еді. Біреу үлгерді, қалғандары үлгермей қалды. Ұшақтың артқы жағы мен алдыңғы жағында ерекшелік бар. Ұшақ толықтай бұзылып кетуі кезінде екі секунд өтуі мүмкін, осы секундтар ішінде біреу соны ұстап киіп алуы мүмкін - бұл инстинкт". Бұл туралы ұшқыш Slon басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети