19 жастағы қазақстандық аттракционда жарақат алған: полиция қылмыстық іс қозғады

19 жастағы қазақстандық аттракционда жарақат алған: полиция қылмыстық іс қозғады Бейнеден кадр

Қызылордадағы ойын-сауық паркінде аттракцион дөңгелегі 19 жастағы жігіттің аяғын басып қалды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордадағы ойын-сауық паркінде аттракцион дөңгелегі 19 жастағы жігіттің аяғын басып қалды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторы төтенше жағдай "Арай" паркінде болғанын айтады. Бейнежазбаға қарағанда, жігіттің аяғы аттракцион астында қалып қойған. Ол қатты ауырсынып, қансырап жатқан. Қазақстандықтарды жағдайы ауыр делінген зардап шегушіге көмектесу үшін қан тапсыруға шақырды.

Жарнама
Жарнама


Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта осы іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Тергеу Қызылорда облыстық ПД бақылауында.

Бұған дейін Петропавлда көшедегі терең шұңқырға түсіп кетіп, аяғын сындырып алған әйел қалалық әкімдіктен жарты миллион теңге өндіріп алған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама