24 қараша 2020 | 07:46

Ақмола облысында әкімдік жүргізушісі оқушыны қағып өлтірді

Фото: elements.envato.com

Ақмола облысы Аршалы ауданында 14 жастағы бала жол-көлік оқиғасынан кейін қайтыс болды. Оны аудан әкімдігінің жүргізушісі қағып кеткен. Ақпаратты Аршалы ауданы әкімдігіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы Аршалы ауданында 14 жастағы бала жол-көлік оқиғасынан кейін қайтыс болды. Оны аудан әкімдігінің жүргізушісі қағып кеткен. Ақпаратты Аршалы ауданы әкімдігіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, апат 22 қараша сағат 19.00-де болған. Daewoo Nexia көлігінің 27 жастағы жүргізушісі Аршалыдағы ауылдардың бірінен шығып келе жатып, жолда жасөспірімді қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, бала металды жалға беретін орында жүк тиеуші болып жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

"Ижев ауылында тұратын жүргізушінің түсіндіргеніне қарағанда, ол Аршалыдан бес шақырым жердегі гараждан қызметтік көлігін алып келе жатқан. Себебі ол аудандағы құрылыс бөлімінің басшысын апта сайынғы селекторлық отырысқа жеткізу үшін жұмыс орнына таңертең сағат 7.30-да баруы керек болған. Қараңғы түскен уақытта автожолда келе жатып, қарсы беттегі көліктердің жарығынан көзі шағылысады да жол бойындағы адамдарды байқамай қалады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сараптама тағайындалды. Жаңа дереектер шықса, қосымша хабарлаймыз", - деді аудан әкімдігіндегілер.

Ақмола полицейлері жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

"Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне қарай жариялауға жатпайды", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная