22 маусым 2020 | 19:29

Ақмолада қызды құтқарғысы келген жігіт суға батып кетті

Ақмола облысында 29 жастағы жігіт қызды құтқарамын деп өзі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 29 жастағы жігіт қызды құтқарамын деп өзі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарламасына қарағанда, қайғылы жағдай Оразақ ауылында болған. Ол жаққа жастар демалу үшін Нұр-Сұлтаннан келген.

Реклама
Реклама

"Тоғыз дос жиналып шамамен сағат 20.00-ге қарай ауылға келген. Содан соң Нұра өзеніне шомылған. Тамақ пісірген. Таңғы сағат 5-терге қарай қыздардың біреуі жардан аяғы сүрініп, өзенге құлаған. Екі жігіт қызға көмектесу үшін суға секірген. Қызды құтқарған жігіттің біреуі батып кеткен. Ол 1991 жылы туған", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов.

Құтқарушылар аталған су қоймасы шомылуға арналмағанын ескертті. Оразақ ауылына жақын жерде дамбыдан келе жатқан жерге "шомылуға болмайды" деген тыйым қойылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram