28 қазан 2020 15:53

Ақтауда иттің уланған сәтінің видеосы тарады

Скрин видео

Ақтауда иттің уланған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда иттің уланған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

Видеоны қаладағы 13-шағын ауданының тұрғындары түсірген. Онда иттің газға уланып, қиналып жатқан сәтін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, барлығы балалардың көз алдында болған.

Реклама
Реклама

Оқиға 13-шағын аудандағы №24 үйдің ауласында болыпты.

Назар аударыңыз, видеоны жүрегі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

"Кеше қаңғыбас иттерді аулайтындар келді. Олар иттерге дәрі беріп, улады. Видеодан иттің қалай қиналғанын көруге болады. Қорқынышты жағдай. Мұны барлық бала көрді. Бұл жағдай олардың психикасын бұзады ғой. Тіпті, олар иттің өлігін де алып кетпеген. Мен оқиға орнына учаскелік полиция инспекторын шақырған жоқпын. Жануарларға осылай жасауға бола ма? Неге оларды ауламайсыздар? Ақтауда қаңғыбас инттерге арналған арнайы орын ашуға болады ғой. Ақтауда иттерді өлтіруге тыйым салу керек. Қаңғыбас иттерді стерильдеу қажет", - дейді 13 шағын ауданның тұрғындары.

Назар аударыңыз, видеоны жүрегі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram