11 тамыз 2020 | 14:36

Ақтауда парашютпен секірген әскери қызметкер жарақат алды

Көрнекі сурет: ©РИА Новости

Ақтауда әскери қызметкер тікұшақтан парашютпен секірген кезде зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда әскери қызметкер тікұшақтан парашютпен секірген кезде зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады. Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді, қосалқы парашютті пайдаланбай, нәтижесінде жерге қатты қонды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен қызметкерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әскери қызметші Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді. 8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалды. Әскери қызметшілермен секіруді орындау алдында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. 

Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная