15 тамыз 2020 16:10

Алматы облысында бірнеше көлік соғысты: екі адам қаза тапты

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Алматы облысында тас жолда бірнеше көлік соғысқан. Салдарынан ер адам мен әйел қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тас жолда бірнеше көлік соғысқан. Салдарынан ер адам мен әйел қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ полициясындағылардың хабарлауына қарағанда, жол апаты 14 тамызда сағат 22.20-да "Алматы-Көкпек-Көктал" тас жолында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Honda маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі тас жолдың батыс бағытындағы 47-ші шақырымында Мitsubishi көлігін соғады. Ал ол авто Folkswagen маркалы көлікке түйіледі.

Реклама
Реклама

Нonda кейін Folkswagen Passat көлігіне барып соғады да, Folkswagen Passat тағы бір көлікті - Opel Vectra-ны қағады.

Салдарынан Мitsubishi көлігінің екі жолаушысы - 26 жастағы қыз бен 27 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болады. 3 адам - Мitsubishi жүргізуші және оның жолаушысы, сондай-ақ Honda жүргізушісі түрлі жарақат алған және Есік қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 4-бөлігі 345-бабына сәйкес тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Апаттың себебі мен салдары анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram