21 қазан 2020 07:41

Алматыда жол апаты: Gelandewagen жүргізушісі қаза тапты

Видеодан кадр

Алматыдағы Шығыс айналма автожолында көлік апаты болды. Салдарынан Gelandewagen жүргізушісі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Шығыс айналма автожолында көлік апаты болды. Салдарынан Gelandewagen жүргізушісі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты сейсенбіде, 20 қазанда Шығыс айналма жолынан төмен жақтағы Сахариев көшесінде болған. G-кластағы Mercedes-Benz және Toyota Caldina көліктері соғысқан. Апат орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.online паблигінде жарияланды.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

ВОАД только что 15:50 дтп с участием гелендвагена... берегите себя ?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 20 Окт 2020 в 3:10 PDT

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жол апаты бүгін сағат 15.30-да болды. Mercedes-Benz жүргізушісі 1990 жылы туған азамат Шығыс айналма автожолымен солтүстікке қарай жүріп келе жатып, Сахариев көшесінде Toyota Caldina көлігімен соқтығысып қалды. Ол да сол бағытта жүріп бара жатқан. Апат салдарынан Mercedes-Benz жүргізушісі оқиғаға орнында қаза тапты", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

ВОАД только что 15:50 дтп с участием гелендвагена... берегите себя ?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 20 Окт 2020 в 3:13 PDT

Полицияның мәліметінше, аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қағидатын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сараптама жүргізіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram