Алматыда көлік сатушы мен сатып алушы ХҚКО-да төбелес шығарған

Скрин видео

Алматы қаласының полиция департаменті мамандандырылған ХҚКО-да болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласының полиция департаменті мамандандырылған ХҚКО-да болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Саялы шағын ауданында болған төбелес видеоға түсіп қалған. Видео Telegram-дағы Zhest_kz каналында жарияланған. Онда адамдардың төбелесіп жатқанын көруге болады.

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!

Реклама
Реклама

Алматы қаласының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл факт бүгін (21 қазан - ескерту) Алматы қаласы Алатау ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-да болды. Көлік сатушы мен сатып алушы сөзге келіп қалған. Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама