Астанадағы Айтматов көшесінде эвакуатор аялдамаға соғылды. Апат орнынан түсірілген кадрлар желіде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан жол-көлік оқиғасының салдары көрінеді: тротуарға шашылған әйнек, зақымдалған аялдама павильоны.
Астана полиция департаменті апаттың 4 мамырда болғанын хабарлады.
"Айтматов көшесімен келе жатқан эвакуатор жүргізушісі рульге ие бола алмай, аялдама павильоны мен басқа да инфрақұрылым нысандарын соқты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол келтірілген шығынды өтейді", - деп хабарлады Астана ПД.
Сонымен қатар полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолдарда барынша мұқият болуға шақырды.
Тағы оқыңыз: Астанада автобус аялдамаға соғылды: видео