Астанада ГАЗель жолдың қақ ортасында аударылып қалды - видео

Астанада ГАЗель жолдың қақ ортасында аударылып қалды - видео Оқырмандар фотосы

Астананың оң жағалауында бірнеше көлік жол апатына ұшырады. Соқтығысу салдарынан көліктердің бірі аударылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың оң жағалауында бірнеше көлік жол апатына ұшырады. Соқтығысу салдарынан көліктердің бірі аударылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Абай және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында болды. Оқиға орнынан түсірілген фото мен видеоны редакцияға оқырмандар жолдады. Кадрлардан ГАЗель көлігі жолдың қақ ортасында аударылып жатқанын көруге болады.

Жарнама
Жарнама

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл жағдай жарқылдақ маягі бар көлікпен соқтығысу салдарынан болған. Сондай-ақ жолда шыны сынықтары шашылғаны байқалады.

Куәгерлердің хабарлауынша, жүргізуші көлік ішінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді. Материал жарияланған сәтте құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты ресми пікір білдірмеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама