ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2020 | 09:56
Грузияда алматылық баланың жоғалуы: қылмыстық іс қозғалды
Грузияда Қазақстаннан барған 13 жастағы Илья Пилпани әлі іздестіріліп жатыр. Елдегі әр азаматтың телефонына Грузия ІІМ-нен баланы іздеуге көмектесу туралы хабарлама таратылды. Сондай-ақ ІІМ оның жоғалғанына байланысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Sputnik-Georgia.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Грузияда Қазақстаннан барған 13 жастағы Илья Пилпани әлі іздестіріліп жатыр. Елдегі әр азаматтың телефонына Грузия ІІМ-нен баланы іздеуге көмектесу туралы хабарлама таратылды. Сондай-ақ ІІМ оның жоғалғанына байланысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Sputnik-Georgia.
"Кәмелет жасына толмаған адамның бостандығын заңсыз алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
"ІІМ өкілдері жоғалған баланың отбасымен үнемі байланысып отыр. Илья Пилпанидің ата-анасына күнделікті жұмыс туралы ақпарат беріледі. Кәмелет жасына толмаған баланың жоғалуы немесе қайда болуы мүмкін деген мекен-жайына байланысты барлық ақпаратты құқық қорғау органдары тексереді", - деді Грузия ІІМ арнайы брифингінде Төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Теймураз Мгебришвили.
Сондай-ақ Ильяны 80 құтқарушы, полиция бөлімшелері, адам басқармайтын ұшу аппараттар, су көлігі және шекара полициясының тікұшағымен іздеп жатыр. Ингури өзені мен Ингури ГЭС ауданында геологиядық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Баланы Сванетиде, Қара теңіздің жағалауында да іздеп жатыр. Илья Пилпанидің суреті Грузия ІІМ барлық бөлімшесіне таратылды.
Грузияда пандемия салдарынан елге қайта алмаған 13 жастағы алматылық жоғалды
Илья Пилпани - Қазақстан азаматы. Ол Алматыдан Местийск ауданында (Сванети аймағы) тұратын әкесінің туыстарына қыста қонаққа келген. Пандемияға байланысты үйіне қайта алмаған және қысқы каникулы жазғы каникулға жалғасқан.
Анасы Ксения Пилпани Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы ұлын іздестіруге барған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также