23 шілде 2020 10:12

Грузияда пандемия салдарынан елге қайта алмаған 13 жастағы алматылық жоғалды

Фото: Sputnik Грузия

Грузияда туыстарына қонаққа келген 13 жастағы Илья Пилпани із-түссіз жоғалды. Ол 18 шілдеде таңертең велосипед тебуге шығып кеткеннен оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Грузия-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияда туыстарына қонаққа келген 13 жастағы Илья Пилпани із-түссіз жоғалды. Ол 18 шілдеде таңертең велосипед тебуге шығып кеткеннен оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Грузия-ға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауына қарағанда, жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама төтенше жағдайлар департаментіне 19 шілдеде түскен. Ильяны соңғы рет Ленджери ауылында көргендер бар.

Реклама
Реклама

Қазір 45 құтқарушы аймақтан іздеп жатыр. Тікұшақпен де қарап жатыр, бірақ әлі табылмады. Жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр.

Илья Пилпани Алматыдан әкесінің туыстарына қысқы демалыста қыдырып кеткен. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанға қайта алмаған. Осылайша жазғы демалысы да Грузияда өтіп жатқан.


Фото: Sputnik Грузия

"Мен оның ешкіммен араласпайтынын білемін, себебі ол грузин тілін білмейді. Достары, құрбылары болған жоқ", - дейді баланың анасы Ксения Пилпани.

Анасының айтуынша, Илья велосипед тепкенді жақсы көрген. Сондықтан оған Грузияда велосипед сатып алып берген.

"Қазір ол 13 жаста. Өтпелі жас болған соң түрлі қиындық болады. Бұл өзінше бір қарсылық болуы мүмкін деп те ойлаймыз және қазір ол жай тығылып отыр, бәрі жақсы деген үміттеміз", - дейді анасы.


Фото: Sputnik Грузия

Илья велосипедпен Сванетиден Тбилисиге әпкесінің үйіне кетуі мүмкін деген болжам да бар.

"Біз жылда Сванетиде демалатынбыз және сол жақтан Тбилисиге көлікпен, маршрутпен барып келетінбіз. Ол жолды біледі", - деді Ксения Пилпани.

Алматылық әйел Грузияға щұғыл кеткісі келеді, бірақ шекара жабық және оның грузиялық азаматтығы жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2020/news_311093/thumb_m/photo_69998.jpeg"
    "title" => "Алматылық келіншек Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы ұлын іздестіруге келді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyilyik-kelnshek-gruziyada-jogalyip-ketken-13-jastagyi-311093/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360241/thumb_m/photo_122520.jpeg"
    "title" => "БҚО-да жоғалып кеткен аутизммен ауыратын жігіт табылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bko-da-jogalyip-ketken-autizmmen-auyiratyin-jgt-tabyildyi-360241/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360156/thumb_m/photo_122426.jpeg"
    "title" => "БҚО-да аутизммен ауыратын жігіт төрт күннен бері іздестіріліп жатыр"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/bko-da-autizmmen-auyiratyin-jgt-tort-kunnen-ber-zdestrlp-360156/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360133/thumb_m/photo_122400.jpeg"
    "title" => "Қазақстандық әйел Германияда жоғалып кетті: СІМ пікір білдірді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstandyik-ayel-germaniyada-jogalyip-kett-sm-pkr-bldrd-360133/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360021/thumb_m/photo_122284.jpg"
    "title" => "Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы іздеуге 500 адам жұмылдырылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/aktobede-jogalgan-erekshe-balanyi-zdeuge-500-adam-360021/amp/"
  ]
]