29 қыркүйек 2020 | 14:40

"Иті өлгенше төбелесіп, иесі қатты қуанды". Ұзынағашта ит төбелестіргендердің видеосы жарияланды

Скрин видео

Алматы облысында ит төбелесі видеоға түсірілді. Әкімдік болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ит төбелесі видеоға түсірілді. Әкімдік болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ит төбелесінің видеосы жарияланды. 

Реклама
Реклама

"Алматы облысы Ұзынағаш ауылында ит төбелесі ұйымдастырылады. Видео кадрларынан иттердің өлгенше төбелескенін, олардың иесі қатты қуанғанын көруге болады. Ұтысқа көп ақша қойылған сияқты. Мұндай турнирді өткізген дұрыс па?", - желідегі жазбаның авторы.

Сонымен қатар, видеодан ит төбелесі түнде өткенін байқауға болады. 

Алматы облысы Жамбыл ауданы бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

"Бұл орын осыған дейін мал базары болған. Кейін оны біреу сатып алды. Қазір бұл аумақ Қарасай ауданы әкімдігіне қарайды. Әкімдік ит төбелесін өткізуге рұқсат берген жоқ, бермейді де. Қазір ауыл округінің әкіміне тапсырма берілді. Олар ұйымдастырушыларды іздеп жатыр. Оларды тапқаннан кейін шараны ұйымдастырушылар әкімшілік кодекс бойынша жазаланады", - дейді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бахтияр Айталы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная