14 желтоқсан 2020 08:11

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды

Қарағанды облысының Гүлшат ауылына жақын жерде жолаушылар отырған автобус аударылды. Жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Гүлшат ауылына жақын жерде жолаушылар отырған автобус аударылды. Жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 13 желтоқсанда сағат 12.45-те Алматы - Екатеринбург автожолында болды. Mercedes маркалы автобуста 11 жолаушы мен жүргізуші болған.

Реклама
Реклама

"Апат болған жерге Қарағанды облысы ТЖД "Балқаш" тасжолдағы медициналық-құтқару пунктінің төрт маманы бір техникамен шықты. Зардап шеккен алты адам Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram