13 қазан 2020 13:21

Қызылорда облысындағы жаппай төбелес: әкімдік түсінік берді

Скрин видео

Сырдария ауданы Тоқмағамбетов атындағы ауылда жер учаскесіне байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында дау туындады. Бұл жағдайға облыс әкімдігі түсіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырдария ауданы Тоқмағамбетов атындағы ауылда жер учаскесіне байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында дау туындады. Бұл жағдайға облыс әкімдігі түсіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Telegram-дағы Kozachkov offside каналында жаппай төбелестің видеосы пайда болған. Онда комбайнның адамдарға қарсы жүріп бара жатқанын көруге болады. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін куәгерлер әйелдерді қауіпсіз жерге апарады. Осы сәтте төбелес басталады. Ал желідегі келесі видеода адамдардың көлікті төңкеріп жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Жергілікті тұрғындар егістік жерінің үлкен бөлігі үшін кәсіпкерлермен дауласып жатыр. Мұнда кімдікі дұрыс-бұрыс екенін білмеймін, бірақ техника әрекет етіп жатыр. Кеше оқ атылған еді. Иә, 2020 жылы Қазақстанда адамдар жер үшін бір-біріне оқ атады", - дейді Kozachkov offsidе каналының авторы.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысы бар тағы бір видео жарияланды. Видеодан қолында автоматы бар ер адамды көруге болады. Ол адамдарға оқ ататынын айтып, ескерту жасайды. Кейін төбелеске қатысушылардың бірі көлікке отырып, адамдар соқпақшы болады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЛУЧШИЕ ВИДЕО ТОЛЬКО У НАС (@dudosera) 12 Окт 2020 в 10:51 PDT

Қызылорда облысы әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Егін ору науқаны барысында күріш алқабына байланысты даулы мәселе туындапты.

"Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС-на тиесілі алқапқа егілген 105 гектар күрішті жинауға қатысты келіспеушілік туындады. Бұл мәселе Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен шешілді. Бүгін "Асқар Тоқмағамбетов жер" ЖШС жарғылық капиталының 90 пайызын иеленуші Алдоңғаров, қамқоршы Бисенбаева халықпен келісімге келді. Нәтижесінде 105 гектардағы күрішті "Азамат" шаруа қожалығының төрағасы А. Сқақов жинайтын болды", - дейді Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселеге қатысты Қызылорда облысы полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram