18 қазан 2020 | 15:40

Өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын есірткі шегіп, көлік жүргізген

Фото: belpressa.ru

Оралда өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын есірткі шегіп, көлік жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралда өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын есірткі шегіп, көлік жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазанда Шолохов және Тюленин көшелерінің қиылысында ВАЗ-2110 автокөлігі тоқтатылған. Көлікті 33 жастағы ер адам басқарған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның марихуана есірткісін шеккені анықталды.

Реклама
Реклама

"Осы жылдың 15 маусымында ер адам өмір бойы көлікті басқару құқығынан айырылған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы ("Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Егер сотта ер адамның кінәсі дәлелденсе, оған 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная