Шымкентте ер адам өзін өртеймін деп қорқытты

32 жастағы ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртегісі келген. Алайда дер кезінде келген полицейлер оны құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

32 жастағы ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртегісі келген. Алайда дер кезінде келген полицейлер оны құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 маусымда Еңбекші ауданының полиция басқармасына Жібек жолы көшесінде орналасқан облыстық туберкулезге қарсы диспансер ғимаратының артында ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртейін деп жатыр деген хабарлама келеді.

Оқиға орнына келген полицияның учаскелік инспекторлары және патрульді полиция полкінің қызметкерлері келіссөз арқылы оны аман алып қалған.

Реклама
Реклама

Бұл факті ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестіріне тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама