Токиода аралас жекпе-жектен Deep Jewels 16 турнирінде ерекше кездесу болды. Қыздар арасындағы 43 келіге дейінгі салмақта МоМо лақап аты бар 12 жастағы қыз алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды "Чемпионат".
Ең қызықтысы оның қарсыласы бес жекпе-жек өткізген (екі жеңіс, үш рет ұтылған) тәжірибелі 24 жастағы Момоко Ямасаки болды.
12 жастағы жасөспірім жекпе-жектің үшінші минутында қарсыласын түншықтыру әдісімен жеңді. Жекпе-жек аматор ММА ережелері бойынша өтті.