13 наурыз 2022 18:20

13 жастағы қазақстандық Еуропадағы теннис турнирінде жеңіске жетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ҚТФ

13 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Словакияда өтіп жатқан Baseline Open U-14 2022 Tennis Europe сериясының екінші категориядағы турнирінде жеңіске жетті. Ол Банска-Бистрицада өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финалда Нұрланұлы Зиго Шешконы (үшінші нөмір) 3:6, 6:2, 7:6 (1) есебімен жеңді.

"Әрине, жеңісімді тойлаймын. Бірақ демалуға уақыт жоқ - жұмысты жалғастыру керек. Біраз демалып, содан кейін Португалиядағы турнирде ойнауға ниетім бар. Содан кейін құрама сапында Үндістанға барамын, онда жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу матчтары өтеді. Ұлттық команда үшін ойнау - өте жауапты іс. Құрама сапындағы дебют өмір бойы есте қалатын сәттердің бірі болады", - деді Заңғар Нұрланұлы.

Реклама
Реклама

Бұған дейін жас қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Словакияда өтіп жатқан Baseline Open U-14 2022 Tennis Europe сериясының екінші категориядағы турнирінде финалға шыққаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram