ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 желтоқсан 2021 00:05
17 жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды
17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл ересектер арасындағы шахматтағы Қазақстанның алғашқы алтыны.
ӘЧ Варшавада (Польша) өтіп жатыр, онда 28 желтоқсанда Асаубаева жылдам (рапид) шахматтан екінші орын алды - шешуші партияларда Бибісара грузиялық тәжірибелі шахматшы Нану Дзагнидзені, өз отандасы Әсел Серікбайды жеңіп, халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең ойнады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу