2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды

©Тұрар Қазанғапов

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2014 жылдың үздік спортшыларын марапаттады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зілтеміршілер Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев, боксшылар Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, жүзуші Дмитрий Баландин, қазақша күрес бойынша палуан Айбек Нұғымаров үздік спортшы атанды. Ал әйелдер арасында үздік спортшы атағына боксшы Назым Қызайбай мен теннисші Зарина Дияс қол жеткізді. Сонымен қатар, спортшылардың бапкерлері де сыйлық алды.  

Бірнеше спортшы бөлек аталымдар бойынша марапатқа ие болды: Жазира Жаппарқұл ("Спорт киімі"), "Ольга Сафронова (Жыл жаңалығы), Владимир Седов ("Жеңіске деген талпынысы үшін"), Динара Сәдуақасова ("Ел мақтанышы") және тағы басқа спортшылар. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Салтанатты шара соңында спорт журналистері арасында өткізілген Сейдахмет Бердіқұлов атындағы республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Асқар Бейсенбаев ("Казахстанская правда"), Фархат Әмренов (Павлодар) және Рауан Оқасов ("Алматы" телеарнасы) жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Бек Төлеуов ("Астана Спорт"), Айжан Құрмашева ("Алматы" телеарнасы), Ғабит Сапарбеков, Аян Күшбаев (KazSport телеарнасы), Всеволод Хван (Vesti.kz) және Жанна Тұрбаева (Қарағанды облысы мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі) сияқты журналистер де марапатталды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама