29 желтоқсан 2016 23:53

2016 жылдың ең үздік спортшыларының есімі жарияланды

© aipsmedia.com

Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) 2016 жылдың ең үздік спортшыларын анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ерлер арасында Усейн Болт, әйелдер арасында Симона Байлз жылдың үздік спортшылары атанды, - деп хабарлайды Мassaget.kz порталы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) 2016 жылдың ең үздік спортшыларын анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ерлер арасында Усейн Болт, әйелдер арасында Симона Байлз жылдың үздік спортшылары атанды, - деп хабарлайды Мassaget.kz порталы. 

"AIPS" дауыс беру шарасына 110 мемлекеттен 382 журналист қатысқан. Қорытындысында ямайкалық желаяқ алтыншы рет жылдың ең үздік спортшысы атанып, рекорд орнатты. Әйелдер арасында спорттық гимнастикадан америкалық Симона Байлз ең көп дауысқа ие болды.

Реклама
Реклама

Усейн Болт үшін 2016 жыл сәтті өтті. Риодағы Олимпиада ойындарына қатысты. Үш Олимпиадада да (Пекин, Лондон, Рио) 100, 200 және эстафеталық сында алдына жан салған жоқ. Нәтижесінде 9 рет Олимпиада чемпионы атанып, ең көп жеңіске жеткен жеңіл атлеттер Пааво Нурми (Финляндия) және Карл Льюиспен (АҚШ) теңесті. Бірақ олардан басты айырмасы, ямайкалық желаяқ Олимпиада ойындарында бірде-бір рет жеңілген жоқ. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейін спорттық мансабын аяқтауы мүмкін.

ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында ең көп жүлде алғандардың үштігіне енген спортшылардың бірі - америкалық Симона Байлз. Риода Олимпиаданың жабылу салтанатында АҚШ құрамасының Туын алып шықты. Спорттық гимнастикада 4 алтын 1 қола медаль иеленді.

"AIPS" нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшылары:

Ерлер:

1. Усэйн Болт (Ямайка, жүгіру) – 1149 дауыс (33,42 пайыз)

2. Майкл Фелпс (АҚШ, суда жүзу) – 490 (14,25 пайыз)

3. Криштиану Роналду (Португалия, футбол) – 387 (11,26 пайыз)

4. Энди Маррей (Ұлыбритания, теннис) – 159 (4,62 пайыз)

5. Нико Росберг (Германия, "Формула-1") – 146 (4,25 пайыз)

6. Лионель Месси (Аргентина, футбол) – 124 (3,61 пайыз)

7. Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) – 119 (3,46 пайыз)

8. Новак Джокович (Сербия, теннис) – 114 (3,32 пайыз)

9. Мо Фара (Ұлыбритания, жүгіру) – 91 (2,65 пайыз)

10. Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина, теннис) – 90 (2,62 пайыз)

Әйелдер:

1. Симоне Байлз (АҚШ, спорттық гимнастика) – 524 (15,24 пайыз)

2. Катинка Хоссу (Венгрия, суда жүзу) – 472 (13,73 пайыз)

3. Серена Уильямс (АҚШ, теннис) – 361 (10,5 пайыз)

4. Кэтлин Ледеки (АҚШ, суда жүзу) – 319 (9,28 пайыз)

5. Алмаз Аяна (Эфиопия, жүгіру) – 279 (8,12 пайыз)

6. Анжелик Кербер (Германия, теннис) – 250 (7,27 пайыз)

7. Гензебе Дибаба (Эфиопия, жүгіру) – 160 (4,65 пайыз)

8. Эллисон Феликс (США, жүгіру) – 149 (4,33 пайыз)

9. Лора Тротт (Ұлыбритания, велотрек) – 125 (3,64 пайыз)

10. Лара Гут (Швейцария, тау шаңғысы) – 112 (3,26 пайыз)

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram