Пайдалы ақпарат

Қала туралы

Алматы қаласы Еуразия құрлығының орталығында, Іле Алатауы жотасының етегінде орналасқан. Географиялық координаттары: шығыс белдеуден 77 градус және солтүстік белдеуден 43 градус.

Алматы – халық саны бойынша Қазақстанның ең ірі қаласы және өңірі. Қалада екі миллионнан астам адам тұрады.

Қала 1854 жылы құрылды және Верный деп аталды. Бірақ 1921 жылы Алматы деп өзгертілді. 1929 жылы мұнда Қазақ АССР астанасы көшірілді. Ал 1993 жылы қала Алматы деп аталды. Төрт жылдан кейін елорда Ақмолаға (қазіргі Астана) көшірілді, ал Алматы Қазақстанның оңтүстік астанасы атағын өзіне қалдырды.

Қала шартты түрде "жоғарғы" және "төменгі" болып бөлінеді. "Жоғарғы"- таулар орналарқан оңтүстік бөлігі, "төменгі" қаланың солтүстігі.

Алматы орталығының биіктігі теңіз деңгейінен 800 метрге жуық.

Алматы – Қазақстанның қаржы, ғылыми, тарихи және экономикалық орталығы. Қала Қазақстанның мәдени астанасы болып саналады.

Қалада қандай көлікпен жүруге болады

Алматыда көлік қатынасы жеткілікті дамыған. Қала бойынша маршруттық автобус, троллейбус және метромен жүруге болады. Такси, автокөлік жалдау, самокат және велошеринг қызметтері қолжетімді.

Жол ақысын қалай төлеуге болады?
Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің бірнеше әдісі бар:

  • Қолма-қол ақша. Бұл жағдайда жол жүру құны 200 теңгені құрайды.
  • "Оңай" бірыңғай көлікте жүру картасы. Метрода, автобустарда және троллейбустарда жарамды. Картаның құны – 500 теңге. Бір сапардың құны – 100 теңге.

7 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жол жүру қарастырылған, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар жасын растайтын құжатты көрсеткен кезде 50 пайыз жеңілдік алуға құқылы.
QR-код арқылы жол ақысын төлеу үшін картаны "Оңай" мобильді қосымшасында тіркеуге болады.
"Оңай" картасын әуежайда, метрополитенде, теміржол вокзалдарында және газет дүңгіршектерінде сатып алуға болады, ал мобильді қосымша, терминал желісі және телефон балансы арқылы картаны толтыруға болады.

Алматыда 130-дан астам автобус маршруты бар, олардың кейбіреуі қаланың Алматыға жақын орналасқан елді мекендермен байланысын қамтамасыз етеді. Автобустардың қозғалысын онлайн режимде: CityBus және "Оңай" қосымшаларында бақылауға болады.

Автобустар сағат 6:00-де желіге шығып, 22:00-де, кейбір маршрут 23:00-де жұмысын аяқтайды.

Маршрут схемасын мына жерден қараңыз

Алматы қаласындағы троллейбус желісі қаланың батысы, шығысы мен оңтүстігін "Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдарымен байланыстыратын 9 маршруттан тұрады.

Маршрут схемасын мына жерден қараңыз

Алматыда көптеген такси қызметі бар. Көлікке телефон арқылы да, қосымша арқылы да тапсырыс беруге болады. Тариф қашықтыққа байланысты болады. Алматы халықаралық әуежайында такси сапарларының шамамен құны және ресми сервистердің байланыстары бар баннерлер орнатылды. Жалпы, әуежайдан қажетті нүктеге дейін сапар 3-тен 7 мың теңгеге дейін өзгереді.

Метро күн сайын сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Метро бір жолдан және 11 станциядан тұрады. Пойыздардың жүру кестесі мен сызбаларын мына жерден онлайн көруге болады.

Метро схемасы

Алматыда бірнеше кикшеринг (самокаттарды жалға алу) сервисі жұмыс істейді. Самокаттарды жалға алу үшін кез келген қызметтің қосымшасын жүктеу керек. Онда сіз самокатты пайдалану аумағын көре аласыз.

Маңызды! Электр самокаттары велосипед жолдары мен жол жиектері бойынша шектеусіз, жаяу жүргіншілер ағынының жылдамдығымен тротуарлар арқылы сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүре алады. Автобус жолағын бір қатарға қоса алғанда, электр самокатқа көлік жолының оң жақ шеткі жолағымен жүруге болады. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы керек, шлем мен көз шағылыстыратын киім киюі керек және кез келген санаттағы құқыққа ие болуы керек. Электр самокаттарда жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстарында электр самокаттардың жүргізушілері жаяу жүруге көшуі керек.

Visit Almaty ақпараттық нүктелері

Visit Almaty ақпараттық нүктелері дегеніміз – туристерге қажет ең маңызды мәліметтер берілетін арнайы ақпараттық орталықтар. Бұл жерден қаланың көрікті жерлері көрсетілген тегін карталар, бағыттар мен журналдар және өзге де керекті ақпарат беріледі.

Мекенжайлары:

  • Майлин көшесі, 2 (Алматы халықаралық әуежайы ғимаратының 1 қабаты)
  • Зенков көшесі, 24а (Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейіне қарама-қарсы)
  • Панфилов көшесі, 84
  • Достық даңғылы, 56/3 («Қазақстан» қонақ үйінің артында)
  • Тимирязев көшесі, 40/2 ("Атакент" КҚКО)
  • Орбита ш.а. 2, 11/3 (ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ)
  • Омаров көшесі, 76/2 («Көк-Төбе» маңындағы қоғамдық көлік аялдамасы)
  • Керей-Жәнібек хандар көшесі, 465а ("Медеу")

Ұялы байланыс

Алматыда кең жолақты және мобильді интернет жұмыс істейді.

Қалада ұялы байланыс операторларының байланыс қызметтерін пайдалануға болады:

Сондай-ақ, IZZI виртуалды операторы және банктік ForteMobile және JusanMobile.

SIM картасын әуежайдан, дүкендерден немесе газет дүңгіршектерінен келу арқылы бірден сатып алуға болады, олар негізінен базарлардың жанында орналасқан.

Қазақстандық сим-картаны сатып алу үшін Сіздің атыңызға картаны ресімдеу кезінде қажет болатын жеке куәлік/паспорт болуы қажет.

Егер басқа мемлекеттің азаматы Қазақстанға келіп, отандық оператордың "симкасын" сатып алса, оған телефонын қазақстандық желіде тіркеу үшін SMS-хабарлама келеді. Бірақ егер шетелдік өз картасының қызметтерін роуминг режимінде пайдаланса, онда телефонды тіркеудің қажеті жоқ.

Кез келген оператордың SIM-картасынан қалааралық және халықаралық байланыс бойынша қоңырау шалуға, сондай-ақ интернетке шығуға болады.

Сонымен қатар, Алматыда тегін Wi-Fi бар көптеген кафе бар.

Шетелдікке арналған жадынама

Шетелдік турист Қазақстанға кірген кезде не білуі керек?

Егер тиісті елмен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасына жарамды шетелдік паспорттар немесе оларды алмастыратын құжаттар бойынша ҚР визалары болған кезде келе алады.

Қазақстанға келген кезде кез келген шетелдік азамат көші-қон қызметіне өзінің келгені туралы хабарлауға тиіс. Мұны үш күн ішінде жасау керек. Хабарлама келу тәртібіне қарамастан барлық жағдайда – виза бойынша немесе визасыз режим шеңберінде талап етіледі. Хабарламаны қалай беру керегін толығырақ мына жерден біле аласыз.

Виза

54 елден келген шетелдіктерге туристік, қонақ және іскерлік сапарлар үшін Қазақстанға кіру үшін виза талап етілмейді.

Визасыз кіру 30 күнтізбелік күн ішінде бүкіл ел бойынша еркін жүруге және қозғалуға мүмкіндік береді. Ол үшін жарамды төлқұжаттың болуы жеткілікті.

Маңызды: Қазақстанда болудың жиынтық мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс, бірақ бір күнтізбелік жыл ішінде 120 күннен аспауға тиіс. Ұзақ қалу үшін сізге тиісті виза рәсімдеу керек.

Сізге виза қажет пе, жоқ па, соны толығырақ мына жерден біле аласыз.

Валюта

Қазақстанның ресми ақша бірлігі – теңге (KZT).

АҚШ долларын, еуроны және рубльді банктерде және бөлек жұмыс істейтін кез келген айырбастау пункттерінде теңгеге айырбастауға болады. Қазақстандағы банктер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Жеке айырбастау пункттері таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Мұндай пункттер әуежайларда, вокзалдарда, қала көшелерінде және ірі сауда орталықтарында бар.

Жедел және анықтама телефондары

101 – өртке қарсы қызмет
102 – полиция
103 – жедел медициналық көмек
112 – құтқару қызметі

Шетелдіктер үшін маңызды байланыс деректері

Мұнда Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің телефондары мен мекенжайларын табуға болады.